"Балабақшаның қоршаған кеңістігін экологиялық әлемнің ойын үлгісі ретінде ұйымдастыру"

2023 жылдың 30 қаңтарында Астана қаласы Білім басқармасы мен Әдістемелік орталығының қолдауымен №9 «Нұршашу» балабақшасында "Балабақшаның қоршаған кеңістігін экологиялық әлемнің ойын үлгісі ретінде ұйымдастыру" атты қалалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты: Пилоттық алаң тәжірибесін жинақтау және тарату

Семинарға Астана қаласының әдістемелік орталығының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы Әмірхамзина Райгүл Гильманқызы, Астана қаласы әкімдігінің №15 «Дарын» балабақшасының меңгерушісі Юсупова Назигуль Гаддылхановна мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен әдіскерлері және жекеменшік балабақшалардың меңгерушілері мен әдіскерлері қатысты. Іс-шараның бағдарламасына сәйкес тәжірибе алаңының жұмысы туралы бейнеролик ұсынылды. Бұл бейнеролик арқылы балабақшаның экологы,  А.К.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының педагогика кафедрасының аға оқытушысы Рахимжанова Гүлназ Жанатқызы экспериментальдық алаңның үшжылдық қорытындысын тұжырымдады. Ересектер және мектепалды топтарының балаларымен музыка жетекшісі педагог-модератор Алексеева Ольга Сергеевна  "Табиғатты қорғаңдар!» атты музыкалық театр қойылымын көрсетті. Мектепалды тобының тәрбиешісі  жоғары санатты тәрбиеші Кирпичева Наталья Николаевна «Ғылым қызықтары» атты танымдық тәжірибе-зерттеу қызметін өткізді. Наталья Николаевна ҰОҚ ойын арқылы көрсетті.  Семинар барысында балабақшаның инновация әдіскері Козырь Ирина Александровна балалардың ата-аналарымен және келген педагогтермен «Бала табиғатты бағалау көзқарасын меңгере ала ма?» атты отбасындағы экологиялық тәрбиенің маңыздылығын көрсете отырып, іскерлік ойын өткізді. Балабақшаның әдіскері Махметова Әсел Ғабитқызы «Термометр» жаттығуы арқылы семинарға қатысушылардан кері байланыс алды. Бұл кері байланыстың өткізу формасы барлық қатысушылардың көңілінен шықты. Сонымен қатар семинарға қатысушылар өтілген іс-шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Іс-шараға 11 мектепке дейінгі ұйымдардың жетекшілері мен жекеменшік балабақша әдіскерлері қатысты.


  • WhatsApp Image 2023-01-30 at 13.04.22
  • WhatsApp Image 2023-01-30 at 13.04.26
  • WhatsApp Image 2023-01-30 at 13.04.53
  • WhatsApp Image 2023-01-30 at 13.06.43
  • WhatsApp Image 2023-01-30 at 13.06.45
  • WhatsApp Image 2023-01-30 at 13.06.46
  • WhatsApp Image 2023-01-30 at 13.06.50
  • WhatsApp Image 2023-01-30 at 13.06.52
  • WhatsApp Image 2023-01-30 at 13.06.54
  • WhatsApp Image 2023-01-30 at 13.08.13
  • WhatsApp Image 2023-01-30 at 13.10.13
  • WhatsApp Image 2023-01-30 at 13.10.15
  • WhatsApp Image 2023-01-30 at 13.10.17
  • WhatsApp Image 2023-01-30 at 13.10.19
  • WhatsApp Image 2023-01-30 at 13.10.20