Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, еліміздің аспаны ашық, халқымыздың көңілі тыныш болсын!
Әр шаңыраққа шаттық, әр отбасына амандық, әр жүрекке үміт пен қуаныш тілеймін. Еліміз еңселі, жеріміз берекелі, бірлігіміз бекем болсын! Қазақстанымыз көркейіп, болашағымыз жарқын болғай!
Отанымыз – Қазақстан өркендеп, көк туымыз биікте желбірей берсін!
Құрметті отандастар! Сіздерді ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің еңсесі биік, тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын. Әрбір шаңыраққа шаттық пен мол береке тілейміз!