ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Ұстаз — білімнің шамын жағып, әр баланың жүрегіне жол таба білетін ерекше жан. Ұстаздың әрбір айтқан сөзі, берген білімі мен көрсеткен мейірімі баланың болашағына үлкен із қалдырады.

Құрметті ұстаздар!

Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, еңбектеріңізге толағай табыс, шәкірттеріңіздің биік жетістіктерін көру бақыты тілейміз!

Әр күніңіз қуанышқа, әр еңбегіңіз алғысқа толы болсын!

Ұстаз деген ұлы есім әрдайым биікте болсын!

Мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы ұстаздар!