«Астана қаласының Білім басқармасы» ММ
және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары
қызметіндегі сыртқы талдау қорытындысы
бойынша анықталған сыбайлас жемқорлықты,
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою
жоспарын орындау туралы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 806 қаулысымен, «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ-нің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің бірлескен бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларының 4-тармағына сәйкес 28.04.2023 жылы № 62 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізудің кейбір мәселелері туралы» БҰЙЫРАМЫН:
- Білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне заңнамада көзделген белгіленген нормадан артық аванстық төлемдер беру практикасы алып тасталсын.
- Білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру бойынша шектеулері бар, сондай-ақ белгіленген мөлшерден асатын сыйлықақы беру практикасы алып тасталсын.
- «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 13.07.2009 жылғы №338 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарында педагогтердің біліктілік талаптарына сәйкестігіне мониторинг жүргізілсін.
- Білім беру ұйымдарының ресми сайтында біліктілік санаттарын көрсете отырып, ұйымның барлық қызметкерлерінің тізімдерін орналастырылсын.
- Астана қаласы білім басқармасының ұйымдарында нақты педагогтердің қоса атқарушы жұмысына салыстырып тексеру жүргізілсін.
- Ақылы қызметтерден алынған қаражатты мақсатты пайдалану бойынша мониторинг жүргізілсін. Барлық ұйымдар бойынша ақылы қызметтерден ақша қаражатын жіберу регламенті бекітілсін.
- Астана қаласы білім басқармасы ұйымдарында штат кестелері 01.30.2008 ж. №77 «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы» ҚР Үкімет қаулысына сәйкестендірілсін.
- «1С бухгалтерлік есеп» жүйесінде қолмен бухгалтерлік жазбаларды жүргізу болдырылмасын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басшының орынбасары М.Д. Қайырбаеваға, Н.Т. Еламановқа, С.Т. Адылбаевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.