Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мерекесінің қарсаңында біздің балабақшаның мектепалды Таң-Нұр мен Шамшырақ топтары, Ай-Шуақ шағын орталығының балалары ҚР ұлттық мұражайына экскурсияға барды. Бұл экскурсияның мақсаты: Балаларды өз Отанының тарихымен таныстыру, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Балалар мұражайдың ішін аралап, бұрын көрмеген экспонаттармен танысты, тәелсіздік туралы түсініктері кеңейді, динозаврлардың макеттерін көріп бір үлкен әсер алды.
Келе жатқан ҚР тәуелсіздік күні құтты болсын, аспанымыз ашық, балаларымыздың болашағы жарқын болсын, көк туымызды желбірететін өз елінің дамуына үлес қосатын ұрпағымыз көп болсын. Өз елі мен жерін көркейтіп Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпағымыз аман болсын