Құрметті ата-аналар мен мектепке дейінгі ұйымдардың өкілдері! 2024 жылдың 26-29 желтоқсан аралығында «Индиго» жүйесінде техникалық жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіле бастайды. Алдағы бейсенбіден бастап «Индиго» жүйесін мектепке дейінгі ұйымдардың ваучерлік қаржыландыруға бейімдеу жұмыстары басталады. Бүкіл қала жаңа жұмыс үлгісіне көшуде.
Бұл – балаларды қабылдау, мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландыру және балабақшаға бару әдіснамасының түбегейлі өзгеруі. Қазіргі таңда «ақша балабақшаның артынан жүреді» деген үлгі қолданылады. Ваучерлік қаржыландыру жүйесі іске қосылғаннан кейін «ақша баланың соңынан» жүретін болады.
Жаңа жұмыс үлгісінде ата-ана көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау процесінде басты рөлге ие болады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдардың мемлекеттік қаржыландыруына әсер ете алады. Бірақ ата-аналардың бұл құқықтарымен қатар белгілі бір міндеттері де болады.
Ақпарат үшін: «Индиго» жүйесін қолдану арқылы ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобалары 2024 жылдың 9 шілдесінен бастап Тараз қаласында және 2024 жылдың 24 қазанынан бастап Шымкент қаласында іске қосылды.
2024 жылдың 17 желтоқсанынан бастап Астана қаласында консультациялық жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың өкілдерімен кездесулер басталды. Бұл кездесулерде Астана қаласының Білім басқармасы және «Қаржы орталығы» АҚ (мемлекеттік тапсырыстың операторы) әдістемелік және техникалық өзгерістер бойынша түсіндірмелер берді.
2024 жылдың 24 қазанынан бастап ваучерлік қаржыландыру бойынша қосымша ақпарат алу үшін ата-аналарға арналған консультациялық пункттер ашылды. Олар Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында, М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында, сондай-ақ №8, №66, №79 және №93 мектеп-лицейлердің базасында жұмыс істейді.
Дереккөз: https://www.instagram.com/p/DD9mjcAtgdw/?img_index=4