КӨРІСУ КҮН құтты болсын

Бүгінгі 13 - 14 -ші наурыз Ұлы Даланың ұлы күні, Жаңа жыл мейрамы, Қыстан қысылмай , аман - есен шыққан

КӨРІСУ КҮН құтты болсын. Қазақтың әр шаңырағына;

- Бақыт құсы қонып,

- берекелі - мерекелі дастархан,

- отбасы - ошақ қасының амандығы,

- ұл - қыз, немерелердің саулығы,

- Кең Байтақ қасиетті Жеріміздің тұтастығы,

Бүгінгі һәм ертеңгі ұрпаққа аманат болып , мәңгіге қалғай. Мың өліп, мың тірілген Қазағымның жұлдызы жанып,

Қой үстіне боз торғай жұмыртқалайтын, сәулетті де, дәулетті заман келіп, арайланып атқан шуақты күндерді көруді

АЛЛА нәсіп еткей. Әумин !!!