Қазақ тілі педагогі Динара Еркеновна “Әжемнің ертегісі” жобасының аясында, ”Асыл әжем-ақ әжем”* атты әжелер сайысын өткізді. Сайыста әжелер өздерін ерекше таныстырумен бастап, өмірлік даналыққа толы кеңестерін айтып, бөлісті.
Әжелер өздері дайындап келген қазақтың ұлттық тағамдары туралы әңгімеледі және өз қолдарынан жасаған өнерлерімен бөлісті. Соңында әжелер бірігіп, көне дәстүрді жаңғыртып: “Дедімай-ау” әнін әдемі нақышқа салып айта отырып, жүн сабалап, жүн түтіп, ұршық иірді.
Осылайша әжелеріміз бір-бірімен танысып, араласып, біраз шүйіркелесіп қалды. Соңында әділ-қазылар алқасы әр әжеге сай номинациямен марапаттап, сыйлықтар сыйлады. Әжелер уақытты қызықты өткізгендеріне риза болып, рахмет айтып, бата берді.
Осы сайысқа қатысып, уақытын бөліп келген әжелерге ұзақ өмір және немере-шөберелеріңіздің қызығын көріңіздер деп тілейміз!