Мамыр айының 28 жұлдызында № 9 балабақшасында қорытынды педагогикалық кеңес өтті. Тақырыбы: “Оқу жылы бойынша педагогтардың жұмысына қорытынды жасау” Мақсаты: Жылдық жоспар бойынша педагогикалық ұжымның жұмыс қорытындысы мен балалардың бағдарламаны бойына сіңіруі. Биыл балабақшамыз бірталай жетістіктерге жетті. Соның ішінде, “Жұлдызды жол” интеллектуалдық ойынында ,1 орын, “Брейн ринг” жолда жүру ережесі бойыншы 1 орын т.б байқаулардың жүлдегерлері , дипломдар мен сертификаттарға ие болды. Топтар арасында өткізілген “Үздік топ” байқауының жеңімпазы “Шамшырақ” тобы атанды. Дене шынықтыру инструкторлары қалалық “Бестемше” ойынының 2 орын жеңімпаздары және де Түркістан қаласында өткен Республикалық “Бестемше” ойынының жүлдегерлері атанды.