Республикалық челленджі

200 мектеп және балабақша – 4000 әке» республикалық челленджі аясында біздің ата - аналарымыз, әсіресе әкелеріміз, балабақша аумағын абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысты.

Әкенің қатысуы бала тәрбиесінде ерекше маңызға ие. Балалар әкелерінің жеке үлгісін көріп, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үйренеді.

Балабақша өміріне белсенді қатысып, қолдау көрсеткен ата - аналарымызға шынайы алғысымызды білдіреміз. Осындай бірлескен жұмыстар отбасы мен балабақша арасындағы байланысты нығайтады.

Ата - аналарымызға үлкен рақмет!