Қарттар күні – бұл даналық пен жүрек жылуының мерекесі. Бүгін балалар сіздерге өз әндерін, билерін және шат күлкілерін қуана сыйлады.

Сіздердің әр күніңіз шуақты да қуанышты болсын, жан-жағыңыз әрдайым сүйіспеншілікке толы жүректермен қоршалсын!

Мұғалімдер күніне орай ата-аналардың бірі біздің құрметті дефектологымызға ерекше алғысын білдірді. Балаларымыздың дамуы мен жетістігі жолында күн сайын төгілген еңбегі, шыдамдылығы мен қамқорлығы үшін жүрекжарды жылы сөздер айтылды.