"Балаларда оқуға деген қызығушылықты тәрбиелеу" тақырыбындағы ата - аналар жиналысы "Ай - Сәуле" мектепалды тобы
"Балаларда оқуға деген қызығушылықты тәрбиелеу" тақырыбындағы ата - аналар жиналысы "Ай - Сәуле" мектепалды тобы
31.01.2024 ж. балабақшада "4И" технологиясы арқылы инженерлік ойлау мен зерттеушілік мінез - құлықты дамыту (қызығушылық - зерттеу - инженерия-ойын)" тақырыбы бойынша №3 кезекті жоспарлы педагогикалық кеңес өтті.
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық-зерттеу қызметіне деген қызығушылығын қалыптастыру және балалардың танымдық белсенділігін, қызығушылығын, тәуелсіз таным мен ойлауға деген ұмтылысын дамытуға ықпал ету.
18.01.2024 жылы балабақшада эксперименттік алаң бойынша бағдарламаны іске асыру аясында "Кішкентай ғалымдарды дамытамыз: мектепке дейінгі білім берудегі steam технологиялары" тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинардың міндеті: мектепке дейінгі мекемелердің педагогтарын балалардың ғылым, технология, инженерия, өнер және математика дағдыларын тиімді дамыту үшін білім беру процесіне STEAM технологияларын енгізу принциптері мен әдістерімен таныстыру. Семинар-тренинг өткізу үшін STEAM технологиясы бойынша жаттықтырушы Майра Рахымбаева шақырылды. Презентация ұсынылды, педагогтар осы технологияның теориясымен, мақсаты мен міндеттерімен таныстырылды. Іс жүзінде Майра Рахымбайқызы ұжымда ой мен қиялдың арқасында жаңа нәрсе ойлап табу үшін балалармен зерттеу жұмыстарын қалай жүргізуге болатындығын көрсетті. Интеграциялауды үйренді (өнер + ғылым, технология + инженерия, математика + тапқырлық, математика + өнер).