№ 2-педагогикалық кеңес Дәстүрден тыс тақырыптық педагогикалық кеңес (цифрлық платформада) Тақырыбы: «STEM-технология мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту моделін іске асыру шеңберінде баланы дамытудағы инновациялық тәсіл ретінде». Мақсаты: педагогтерді белсендіру әдістерін пайдаланып, оларды баланың дамуына инновациялық көзқарас мәселелерінде өзінің құзыреттілігін бағалауға қатысуға тарту.
Егемен еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні құтты болсын! Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің маңызы қашан да зор болмақ. “Толарсақтан саз кешкен” батыр бабаларымыздың қанымен, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарымен, аналарымыздың көз жасымен жеткен Тәуелсіздікті әрқашан қастерлей білуге тиіспіз.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған “Көркемсөз шебері” қалалық мәнерлеп оқу байқауына қазақ тілі мұғалімі Динара Еркеновнаның жетекшілігімен “Шамшырақ” тобынан Абдіқали Айсұлтан қатысып, өзінің алғырлығы, дауыс дикциясының әдемілігімен қатар, шебер орындауының арқасында бірінші орынға ие болды! Талабыңа нұр жаусын! Құттықтаймыз!
