"Кел, балалар, оқылық!" атты тәрбиеленушілер арасында Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын мәнерлеп оқу сайысы өтті. 

Мақсаты: Балалардың комуникативті тіл құзыреттілігін арттыру, Ыбырай Алтынсариннің өмірі және шығармашылығымен таныстырып, тілге деген құрмет көрсету және балалардың бойында патритоттық сезім қалыптастыру.

Сайыста балалардың барлығы өздерінің жаттап келген өлеңдерін әрқайсысы өз шеберліктерімен орындап шықты.
Мәнерлеп оқу сайысына балалар өте жақсы дайындалып келген.

Бас жүлде - Сарсенбай Заңғар, «Таң - Шолпан» мектепалды тобы.

1 - орын -Нұрадин Аяна, «Ай - Шуақ» шағын орталықтың мектепалды тобы.

2 - орын - Кенжебаева Медина, «Күншуақ» ересек тобы.

3 - орын - Кусаин Альниса, «Күншуақ» ересек тобы.

Белсене қатысқан балаларға Мадақтамалар табыс етілді. Балаларды құттықтаймыз!