Құрметті балалар, достар, ата - аналар! Сіздерді бүгінгі 1 - маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Жұртымыз, еліміз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз жемісті болсын!
Құрметті балалар, достар, ата - аналар! Сіздерді бүгінгі 1 - маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Жұртымыз, еліміз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз жемісті болсын!
Мамыр айының 28 жұлдызында № 9 балабақшасында қорытынды педагогикалық кеңес өтті. Тақырыбы: “Оқу жылы бойынша педагогтардың жұмысына қорытынды жасау” Мақсаты: Жылдық жоспар бойынша педагогикалық ұжымның жұмыс қорытындысы мен балалардың бағдарламаны бойына сіңіруі. Биыл балабақшамыз бірталай жетістіктерге жетті. Соның ішінде, “Жұлдызды жол” интеллектуалдық ойынында ,1 орын, “Брейн ринг” жолда жүру ережесі бойыншы 1 орын т.б байқаулардың жүлдегерлері , дипломдар мен сертификаттарға ие болды. Топтар арасында өткізілген “Үздік топ” байқауының жеңімпазы “Шамшырақ” тобы атанды. Дене шынықтыру инструкторлары қалалық “Бестемше” ойынының 2 орын жеңімпаздары және де Түркістан қаласында өткен Республикалық “Бестемше” ойынының жүлдегерлері атанды.
Балабақша есігін ашып сендер,
Тым кішкентай бала боп келген еңдер.
Бұл бақшадан үйреніп көп дүние,
Міне бүгін оны да бітірдіңдер.
Бақшадан соң мектепке барасыңдар,
Оқу оқып, шамнан шырақ жағасыңдар.
Зейіндерің ашылсын балапандар,
Бар бақытты оқудан табасыңдар.
Алла жар боп балапан сен аман бол,
Көп боп күндер ғажайып шаттығы мол.
Жаңа өмірде қадамдарың құтты болып,
Балдырғандар әрқашан бақытты бол!