Менің Отаны́м – Қазақстан!

Бұл – менің тарихым, менің тамырым және менің жүрегім.

Мен – балабақша меңгерушісімін, біз ертең еліміздің мақтанышы болатын балаларды тәрбиелейміз.

Әрбір бала – Қазақстанның үміті, әрбір жан – Отанға деген сүйіспеншіліктің айғағы.

Мен өз Қазақстанымды жақсы көремін және тәуелсіздігімізді мақтан етемін!

Балабақшада “Қазақстан халқы тілдерінің күні” мерекесіне орай “Тіл-асыл қазына” атты Тілдер апталығы өтті. Тілдер апталығы “Абай-ұлы суреткер” атты сурет көрмесімен ашылды.

Тілдер мерекесі күніне ересек және мектеп алды топтарында тематикалық ұйымдастырған іс әрекеттер өтті. Музыка жетекшісі “Әнді сүйсең, менше сүй” атты іс шара өткізіп, балалар тақпақтар оқып, әндер айтты.