Бүгін – Наурыз мейрамындағы Ұлттық спорт күні!

Ата - бабамыздан қалған асыл мұраны жаңғыртып, күш пен ептілікті, батылдық пен намысты сынайтын күн 

Қазақтың көкпар, аударыспақ, асық ату, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындары – тек спорт емес, ол тарих, ол рух, ол тәрбие.

Біз дәстүрімізді дәріптеп, ұлттық спортымызды дамытсақ – болашағымыз да берік болады!

Ұлттық спорт – ұлт мақтанышы!

Демографиялық өсім ең алдымен мектепке дейінгі білім беру жүйесінде байқалады. Бүгінгі таңда қалада 67 780 тәрбиеленушісі бар 716 балабақша жұмыс жасайды. Оның ішінде 101 мемлекеттік, 612 жекеменшік және 3 ведомстволық.

Мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткіштері жоғары болып қалуда: 3 жастан 6 жасқа дейінгі кезекте тұрған барлық балалар (100%) орындармен қамтамасыз етілген, ал 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар арасында қамту 97,3 % құрады.

2025 жылдың қаңтарынан бастап мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасы іске қосылды. Оның негізгі қағидасы - қаржыландыру балаға бағытталады.