Аса көрнекті сазгер, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған шығармашылық кеш өте жоғары дәрежеде өтті. Ата - аналар өте жақсы дайындықпен келіп, Шәмшінің әнін әуелетіп орындап, сахналық көркем көріністерімен тәнті етті. Ата-аналарға үлкен алғысымызды білдіреміз!

Бүгін елордамызда Қазақстан Республикасының Конституциялық реформаларына арналған маңызды кездесу өтті. Кездесуге балабақша басшылары қатысып, жаңа өзгерістердің мәні мен маңызымен танысты.
Кездесуге «AMANAT» партиясының мүшелері, соның ішінде Астана қалалық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Berikbolovna арнайы қатысып, Конституцияға енгізілген өзгерістердің ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында:
Конституциялық реформалардың негізгі бағыттары түсіндірілді
Қоғамдағы әділеттілік пен жауапкершілік мәселелері талқыланды
Білім беру саласының ел дамуындағы рөлі айтылды
Осындай маңызды кездесулер – еліміздің болашағына бейжай қарамайтын әрбір азамат үшін үлкен жауапкершілік жүктейді
Білім саласының өкілдері ретінде біз елдегі оң өзгерістерді қолдап, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында еңбек етуді жалғастырамыз